Жылу энергетикасы көмірден газға көшеді

Жылу энергетикасы көмірден газға көшеді

Қазақстанда аймақтарды газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Әрине, мақсат – халық тұрмысын жақсартып, әрі климатты қорғау үшін көмір қолдану процесін азайту. Сондай шараның бірі – Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданында жүргізілді. Мұнда енді қатарынан екі ауылға – Қаражар мен Қараөткелге газ жеткізілді. Енді мұндағы жұрт қыс түскенде отын жарып, от жағып әуре болмайды.

Бұл – Астанамен іргелес, халқының саны 7 мыңнан асатын – Қаражар ауылы. Бұған дейін мұндағы жұрт қыс қырауы түскенде көмір тасып, отын жарып, пештің қызуымен ғана үйін жылытатын. Жанат Олжабайқызы үйіне газ кіреді-ау деп мүлдем үміттенбегенін айтады.