Жылдық инфляция 9,8%-ға дейін төмендеді
Жылдық инфляция 9,8 пайызға дейін төмендеді. Оған ең алдымен азық-түлік бағасының өсу қарқынының тежелуі әсер еткен. Тамыз айда негізгі тұтыну тауарларының инфляциясы 9,5 пайызға дейін түсті. Ал әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы 2,1%-ға дейін төмендеген. Мамандар бұған нарықтағы бағаны бақылаудың күшеюі себеп болғанын айтады. Қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі 19-дан 31 тауарға дейін кеңейтілді. Сауда орындарындағы 15 пайыздық шекті үстеменің сақталуы тұрақты қадағалануда. Айта кетейік, жанар-жағармай бағасын кезең-кезеңімен еркін нарыққа шығару және коммуналдық тарифтерге қойылған мораторийдің аяқталуы сияқты факторларға қарамастан, елдегі инфляцияның жалпы қарқыны төмендеп келеді. Бұл Үкіметтің кешенді шараларының нәтижесі.