Жылқы алғаш қолға үйретілген жер қайда?
«Таза қала» бағдарламасы тарихы терең, табиғаты көркем Солтүстік Қазақстан облысына жол тартты. Абылай ханның Резиденциясы, Ботай музей-қорығы, Саумалкөл мен Тұздыкөл сынды тарихи және табиғи нысандардың туристік әлеуеті қандай? Шалқар мен Имантау көлдерінде демалыс орындары қаншалықты дамыған? Солтүстік Қазақстан туристерді қабылдауға қаншалықты дайын? «Таза қаланың» жаңа шығарылымынан бірге білейік.