Журналистер клубының кеңейтілген отырысы
Конституциялық
реформаны ақпараттық қолдау мәселесі Сыр өңірінде талқыланды. Қызылордада
Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті. Ашық алаңда қоғамдық диалогты
ақпараттық сүйемелдеу тетіктері таразыланып, жас тілшілерге заманауи тәсілдер түсіндірілді.
Журналистер клубы осыдан 16 жыл бұрын құрылды.
Ұйымның барлық аймақта өкілдіктері бар. 500-ге жуық журналист осы клубқа мүше.
Міне сол қалам ұстаған қауым бүгін Сыр өңірінде бас ққосты. Талқы алаңында
қоғаммен ашық әрі сындарлы диалог орнатудың медиадағы маңызы айтылып, тілшілік
тіршіліктегі өзекті мәселелер сараланды.