Жол сапасын бағалаудың жаңа жүйесі қарастырылады
Елімізде автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына ұлттық компаниялар мен ғылыми-зерттеу, сараптама орталықтарының өкілдері, сала сарапшылары және Құрылтай депутаттары кірді. Жұмыс тобына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жетекшілік етеді. Мамандар жол сапасын бағалау жүйесін қайта қарап, құрылыс талаптары мен стандарттарын жаңартады. Сондай-ақ салаға цифрлық технологияларды енгізіп, бюджет қаражатын тиімді жұмсаудың тетіктерін қарастырады. Нақты ұсыныстар 1 желтоқсанға дейін әзір болуы тиіс.