ЖИ мамандары неге жоғары жалақы алады?

ЖИ мамандары неге жоғары жалақы алады?

«Бүгін.Live»-тың шығарылымында күнделікті өмірімізге әсер ететін маңызды тақырыптарды талқылаймыз. Газдалған сусындар, энергетиктер мен қантсыз өнімдер денсаулыққа қалай әсер етеді? Эндокринологпен бірге олардың құрамын, ықтимал қауіптерін және пайдалы баламаларын қарастырамыз.

Сондай-ақ Бельгия королі мен Патшайымының Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде екі елдің байрақтарын қалпына келтіруге атсалысқан тігінші Жұпар Дүкенбаеваның ерекше еңбегімен танысамыз. Жасанды интеллектіні кәсіби деңгейде қолдануды үйрететін жаңа бастамалар, Қазақстандағы туризмнің дамуы және отандық такси сервистерінің бәсекесі де назарымызда.

Ал шығарылымның ерекше оқиғаларының бірі — қазақстандық оқушылардың жеті жылға жуық еңбегінің нәтижесінде жасалған жер серігінің SpaceX зымыранымен ғарышқа ұшуы. Жас өнертапқыштар бұл жобаны қалай жүзеге асырды және аппарат орбитада қандай міндет атқарады? Толығырақ «Бүгін.Live» эфирінен көріңіздер!