ЖИ контент міндетті түрде таңбалануы тиіс – ҚСЗИ

ЖИ контент міндетті түрде таңбалануы тиіс – ҚСЗИ

Жасанды интеллект көмегімен жасалған контент міндетті түрде таңбалануы тиіс. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов осындай пікірде. Бұл ұсынысын ол институт алаңында сайлауалды науқандағы жасанды интеллектінің рөлі, цифрлық технологиялардың ықпалы және фейк ақпаратпен күрес мәселелері талқыланған жиында айтты.