Жер сілкінісін зерттеуде Қазақстан мен Қытай күш біріктіреді

Жер сілкінісін зерттеуде Қазақстан мен Қытай күш біріктіреді

Жер сілкінісін зерттеуде Қазақстан мен Қытай күш біріктірмек. Алматыда арнайы орталық жұмысын бастады. Екі елдің ғалымдары жер асты дүмпулерін бірлесіп бақылап, болжап және ерте ескерту жүйелерін әзірлейді. Үш зертханада ең озық технологиялар қолданылмақ. Бұл Тянь-Шань тау жүйесі айналасындағы сейсмикалық белсенділікті жедел анықтауға көмектеседі. Қазірдің өзінде зертхана толық жабдықталып қойған.