ЖЭО, аурухана, индустриялық аймақ: Балқаштың инфрақұрылымы тексерілді

ЖЭО, аурухана, индустриялық аймақ: Балқаштың инфрақұрылымы тексерілді

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Балқаш қаласына барып, ондағы біраз инфрақұрылымды тексерді. Шаһар Қазақстанның моноқалаларды дамыту бағдарламасына кірген. Қазір мұнда ұзындығы 363 шақырым болатын «Қарағанды-Балқаш» және 200 шақырымдық «Қарағанды-Қарқаралы» тас жолы реконструкциядан өтіп жатыр. Олжас Бектенов әкімге оның барысын қатаң бақылауды  тапсырды. Балқаш әуежайы да жөндеуден өткен. Нысан халықаралық азаматтық авиация комитетінің стандарттарына толық сәйкес келген. Енді туризм ағыны еселенуі тиіс. Биыл жазда Балқаш көліне демалуға 200 мыңнан астам адам келіпті. Сөйтіп, 4 млрд теңге кіріс түскен. Премьер аймақтағы геологиялық барлау ісімен де танысты.