Жедел-жәрдем станциясының құрылысы басталды

Жедел-жәрдем станциясының құрылысы басталды

Петропавлда жедел жәрдем қызметіне арналған жаңа кешеннің құрылысы басталды. Құны 6 миллиард теңгеден асатын медициналық станция келер жылдың қараша айында ашылмақ. Заманауи орталықта 20 санитарлық көлікке шақталған гараж, медперсоналға арналған түрлі залдар болады. Бұл – жылдар бойы ескі ғимаратта жұмыс істеп келген мамандардың көптенкүткен қуанышы. Себебі қазіргісі 1905 жылы салынған. Бір жарым ғасырға жуық тарихы бар ғимараттың тоз-тозы шыққан. Ешбір санитарлық талаптарға сай келмейді. Бөлмелері тар, әрі жауын жауса шатырдан су сорғалайды. Көпжылғы мәселе енді шешімін таппақ. Ол үшін Копай шағын ауданынан жалпы аумағы бір жарым гектар жер учаскесі беріліп, жаңасы салынып жатыр.