Жастар қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды жинады
Алматыда жастар пластик, қағаз, алюминий және басқа да қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды жинап, сұрыптады. Жиналған шикізаттың барлығы қайта өңдеуге жіберіледі. Қалада қалдықтарды қабылдайтын үш эко-хаб пен жүздеген фандомат бар. Ұйымдастырушылар қайта өңдеу арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейді. Өйткені бір пластикалық бөтелке екі жүз жылға дейін ыдырамайды. Ал бір қолданылған батарея 20 шаршы метр топырақты немесе 400 литр суды ластауы мүмкін.
Рүстам Қайрыев, Қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:
- Біз, «Батареяны өткіз де, жерді сақта!» атты науқанды тұрақты түрде өткіземіз. Ай сайын 300-400 келіге жуық пластик бөтелкенің қақпағы жиналатынын айта кеткен жөн. Мұндай қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату өте маңызды. Мәселен, қақпақтарды қайта өңдеп, балаларға арналған түрлі ойыншықтар жасаймыз. Бұдан бөлек, «Рахмет, Жер-Ана!» акциясы да жалғасын тауып келеді. Оның аясында этнос өкілдері еліміздің әр өңіріне ағаш отырғызу арқылы табиғатты қорғауға өз үлестерін қоса алады.