Жапония мен Оңтүстік Кореядағы азаматтарымыз дауыс берді

Жапония мен Оңтүстік Кореядағы азаматтарымыз дауыс берді

Жапония мен Оңтүстік Кореядағы отандастарымыз бірінші болып таңдау жасады. Мұндағы уақыт айырмашылығы 4 сағат. Сондықтан Токио мен Сеулдегі елшіліктегі сайлау учаскелірі жұмыстарына кірісіп кеткен. Ең бірінші болып дауыс берген Корея университетінің магистранты Ажар Кәрімжанова. Ол шетелде жүрген азаматтар үшін осындай маңызды саяси процеске қатысу мүмкіндігі жасалғанын жоғары бағалап, Құрылтай науқанына қатысу әрбір Қазақстан азаматтың борышы екенін айтады. 79 сайлау учаскесі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінде орналасқан.