Жанкент – ашық аспан астындағы мұражай
Қызылордада 20 жылдан бері көне Жанкент қалашығында қазба жұмыстары жүріп жатыр. Осы уақыт ішінде оғыздардың ордасы табылып, 30 мыңға жуық жәдігер жер астынан шығарылған. Әрине, ескі шаһардың жасырғаны әлі де көп. Ашық аспан астындағы мұражайға біздің түсірілім тобымыз барып, археологтармен тілдесіп қайтқан еді.