Жаңаөзен халқы ауыз сумен қамтылды
«Кендірлі» су
тұщыту зауыты Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес елдімекендерді сапалы ауыз сумен
қамтып отыр. Кәсіпорын биыл сәуір айында іске қосылған. Қазір тәулігіне 50 мың
текше метрге дейін теңіз суын тұщыта алады. Онда бірнеше сүзгіден өтіп қана
қоймай, минералдар қосылып, құрамы байытылады. Құбырлардың жай-күйі, теңіз
суының сапасын дрондар бақылайды. Тілшіміз тарқатсын.
Зауыт
автоматтандырылған режимде жұмыс істейді. Теңіз суы көпсатылы сүзгіден өтеді.
Кері осмос процесі арқылы залалсыздандырылады. Арнайы техникалар Еуропа, АҚШ,
Түркия, Жапония, Ресей және Қытайдан алынған.
Мақсат Ибағаров, «Кендірлі»
су тұшыту зауытының бас директоры:
-Май айында 15 мың
план болды күнделікті тапсыру, июнь айында 21 500 болды, шілде осы айларда 25
мың. Біз оны полностью жасай аламыз. + Бүгін мысалы 14 мың қабылдады өткенде
бір ыссы болған күндері бір арасында жаңбыр болмады 16 мың, 16 мың жарым
қабылдағаны болды. Біз 25 мыңды да 50 мыңды да мына проект өзінің қуаттылығы
солай полностью бере алады.
Судың сапасына
тұрақты түрде зертханалық сараптама жүргізіледі. Тұщыту процесінен кейін ауыз
суға қажетті пайдалы минералдар қосылып, дайын су тұрғындарға жеткізіледі.
Зауыт мамандары теңіз суын алу процесін тек сырттай бақылап қана қоймай, су
астында да тексереді.
Салават
Кульмуханбетов, «Кендірлі» су
тұшыту зауытының IT-маманы:
- Дронның
көмегімен құбырдың жағдайын, оның жарамдылығын және ластану деңгейін су астында
тексеруге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, дронда жоғары сапада HD форматында
бейнежазба, фото түсіруге болады. Құрылғының көмегімен су астындағы балдырлар
мен майлы шөгінділерді жинап алып, кейін зертханалық талдауға жіберіледі.
Кәсіпорын мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға да ерекше мән беріледі. Инженерлік-техникалық қызметкерлер тұрақты түрде оқытылып, өндірісте қолданылатын заманауи технологияларды пайдалану бойынша білімдерін жетілдіріп отырады.