Жаңа перинаталдық орталық салынады
Шымкентте жаңа перинаталдық орталық салынып жатыр. Бұған бюджеттен 10 млрд теңге қаржы бөлінген. 200 орындық мекеме жылына 7 мың әйелді босандыра алады. Ана мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің толық циклі бар. Акушерлік, гинекология және неонатология бөлімдерімен қатар, мұнда күрделі патологиялары бар сәбиге неонаталды операциялар жасалады. Сондай-ақ диагностикалық зертхана, генетикалық зерттеулер жүргізуге арналған база, консультациялық және оңалту бөлімшелері де жұмыс істемек. Демек, 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Айта кетері, Шымкентте жыл сайын 30 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Ал, әйелдерді босандыратын медициналық мекеме әзірге төртеу ғана.