Жаңа оңалту орталығының мүмкіндіктері

Жаңа оңалту орталығының мүмкіндіктері

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Нысан  отандық және шетелдік өндірістің заманауи құрылғыларымен жабдықталған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асқан шара екенін атап өтті. Ғимарат медициналық көмекті қажет ететін азаматтардың оңалту көмегін уақтылы алуға мүмкіндік береді.

 

 

 

Шымкентте төрт жарым мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі тұрғын бар. Жаңа нысан бір мезетте осы санаттағы 150  азаматқа стационарлық форматта 8 бағыт бойынша әлеуметтік қызмет көрсетеді. Медициналық оңалту кешені бес блоктан тұрады.

Жандос Пердиев, Оңалту орталығының дәрігер реабилитологы:

- Жаңа инновациялық құрылғылармен қамтылып отыр ғимарат. Атап айтқанда өзіміздің базамызда ренген аппараттары болады. Узи апараты бар, Атраматтарымыз бар. Одан бөлек жаңағы сумен емдеу бассейніміз бар. Үшінші этажда гидромассажымыз. Сумен емдеу құрылғылары бар.

Ғимарат толықтай отандық және шетелдік құрылғылармен жабдықталған. Оңалту корпусында дәрігерлер психологиялық көмек көрсетеді. Емдік-сауықтыру бассейні мен спорт және акт залдары да бар. Ең негізгісі сал ауруы мен инсультке шалдыққан науқастардың жүру қабілетін қайта қалыптастыруға бағытталған қондырғы да алынған. Құрылыс мерзімінен бұрын аяқталған. Сапаға ерекше мән берілді дейді мамандар.

Айдын Нашенов, Шымкент қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Құрылыстың жалпы нормативтік ұзақтық мерзімі 26 ай еді.Құрылыс мекемесінің жұмысты қарқынды жүргізуінің арқасында міне 22 мерзімде аяқталып отыр. Кепілдік мерзімі 7 жыл болып есептеледі. Темір бетонкострукцияларға қас бетіне ғимараттың шатырына дегендей, инженерлік желілеріне.

Кешенде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды еңбекке бейімдеу мақсатында тігін, қыш және слесарлық шеберханалар, шығармашылықпен айналысуға арналған бөлмелер мен кітапхана да қарастырылған. Кешен мүгедектігі бар азаматтардың денсаулығын қалпына келтіріп қана қоймай әлеуметтік ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді.