Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынады

Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынады

Елімізде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін. Ол өңірде бой көтереді, шығыны мен пайдасы, өндіріс көлемі қандай болады? Премьер-министр Олжас Бектенов жыл соңына дейін кешенді есеп-қисапты аяқтауды тапсырды. Ал жұмыс істеп тұрған үш зауыт кеңейеді. Айталық, Шымкент зауытының қуаты екі есе артып, 12 млн тоннаға жетеді. Ол үшін мұнай құбырлары кеңейтіліп, Алматы бағытына жанармай желісі тартылады. Павлодар зауыты өндірісті 9 млн тоннаға дейін арттырмақ. Ал Атырау зауытының қуаты 6 млн тоннадан асыру жоспарланып отыр. Үкімет басшысының сөзінше, бізде бензин мен дизель бағасы көрші елдерден екі есе арзан. Салаға инвестор тартып, жанармай тапшылығының алдын алу үшін нарықтағы бағаны біртіндеп еркіне жіберу қажет.