Жаңа мүмкіндіктер мен басым бағыттар
Атырауда «Ашық аспан» режимі енгізілгелі туристер нөпірі артқан. Жыл басынан бері өңірге 83 мыңдай адам саяхаттап келген. Соның 10 пайызы- шетелдік мейман. Енді осы қарқынды бәсеңдетпеу үшін аймақтағы Сарайшық, Ақмешіт, Лотос алқабы, Индер тұзды көлі, Ақкерегешың борлы тауы нысандардың инфрақұрылымын жақсарту қолға алынды. Дүниежүзілік туризм күні өткен форумда жаңа туристік бағыттар мен жаңа мүмкіндіктер айқындалды.
Каспийі мен Жайығы, тұзды көлі, борлы шыңдары бар өңірдің ерекше табиғатын биыл 8 мың шетелдік тамашалапты. Тарихи орындарға сұраныс жоғары. Аймаққа келген 83 мың саяхатшының 16 мыңы Сарайшыққа ат басын бұрған. 160 адам шетелден арнайы келіп, Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қаланың тарихына қаныққан.
Жалғас Балғожин, Қазақстан туристік қауымдастығы директоры:
-Жалпы Атырау өңірі туристік әлеуеті өте жоғары аймақ. Бүгінгі форум соның дәлелі болып табылады. Атырау ол жалпы киелі жер ғой. Тарихы қалыптасқан өте киелі рухани жер. Махамбет,Сарайшықтың өзі Каспийдің өзі барлығы Атыраудың керметі магниті.
Ақбота Дәурен, Kazakh Tourism ҰК АҚ туристік өнімдерді дамыту департаментінің бас менеджері:
-Тек мұнай газ басқа да салалардың даму орталығы емес,тарихы мәдени мекендерге толы. Туризмді дамытуға мүмкіншілігі мол елдімекен. Астана қаласында біз Атырау облысының басқа саласының жұмысын ғана емес, туризмді дамытуға ықпал бар екені айтылады.
Қазір өңірде 279 туристік нысан жұмыс істейді. Ендігі мақсат -туристер ағынын бәсеңдетіп алмау. Ол үшін инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасын көтеру керек. Туристік нысандарға апаратын жолдарды жөндеп, инженерлік желілерін жаңартып, айналасын абаттандырып, санитариялық жағдайын түзету- ең өзекті мәселе.
Нұрбол Сыдықов, Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы:
- Жалпы өткен жылмен салыстырғанда биыл туризм саласы ішкі туризм бізде артуда. Сондықтан, туризм саласына тартылып жатқан инвеститция көлемі де 1,3 есеге артқан. Өткен жылмен салыстырғанда. Көне Сарайышққа 16 мыңға жуық турист келіп тамашалған, көрген.
Туризмге салынған инвестиция да артып келеді. Соңғы сегіз
айда салаға 38 млрд теңгедей бағытталған. «Шебер FEST», «Қазыналы Каспий»,
«Lotus Fest» сияқты мәдени-туристік іс-шаралар өткізіледі. Өңір билігі бұл
жобаларды бір реттік шара емес, Атыраудың тұрақты туристік брендіне айналдыруды
көздеп отыр.