Жаңа логистикалық дәліз: Қазақстанның транзиттік әлеуеті артты
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Нұр Жолы» бекетіне түсетін жүктеме 30 пайызға дейін азайды. Бұған «Қорғас» орталығында іске қосылған жаңа логистикалық дәліз серпін берді. Тәулік бойы қызмет ететін орталық тауар тасымалын жеделдетеді. Жеңіл көліктер, арнайы техника, автотасымалдаушылар осы дәлізден іркіліссіз өтеді. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымын арттыруға мүмкіндік берді. Пилоттық режимде іске қосылған бір айдың өзінде жаңа бағытпен 10 мыңға жуық көлік өткен.
Жаңа логистикалық бағыт
іске қосылғалы бір айға жуықтады. Пилоттық жоба аясында жеңіл көліктер, арнайы
техника мен автотасымалдағыштар «Қорғас» орталығы арқылы өткізіліп жатыр. Бұл
үшін қолданыстағы инфрақұрылым пайдаланылуда. Бүгінге дейін жаңа бағытпен 10
мыңға жуық көлік өткізілген.