Жүк тасымалы 2,5 есе артады
«Каспий–Арал» автомагистралі – Еуропа мен Азияны жалғайтын логистиканың маңызды бөлігі болады. Батыс Еуропа мен Батыс Қытайды байланыстыратын автожолдың құрылысын бастауға Президент бастама берген. Бұл магистраль Қазақстан экономикасының дамуына ықпал етіп, жүк тасымалы трафигін 2,5 есеге арттыруы тиіс. Құрылыс жұмыстарына заманауи технологиялар қолданылмақ.