Зейнетақы жинағын инвестицияға беру тәртібі бекітілді

Зейнетақы жинағын инвестицияға беру тәртібі бекітілді

Зейнетақы жинағындағы ақшаны еселеуге болады. 7 қыркүйектен бастап ондағы аударымды 100 пайыз инвестициялық компанияларға аударуға рұқсат берілмек. Бұған дейін жеке басқаруға жинақтың тек жартысын ғана аударуға мүмкін бар еді. Бірақ жаңа бастаманың өзіндік шарттары бар. Яғни, жинақ қалаған ұйымға аударылмайды. Тек зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат алған компанияларға беріледі. Қазақстанда ондай 6 ұйым бар. Әрине, оларға да талап қатаң. Мәселен, салымшылар ақшасын тәуекелі жоғары цифрлық және криптоактивтерге салуға рұқсат жоқ. Компания шығынға ұшыраса, қаражатты өз есебінен өтеуге міндеттеме алады. Инвестициялық табысты да азаматтар бірден алмайды. Тек зейнетке шыққан соң ғана алуға құқылы. Қаласаңыз, жинағыңызды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында да қалдыруға болады. Сөйтіп, Ұлттық банктің басқаруында тұрмақ. Бүгінде Зейнетақы қорында 12 жарым млн салымшының шоты бар. Ондағы жинақ 28,35 трлн теңге жуықтаған.