«Заң және тәртіп» - әділетті қоғамның негізі

«Заң және тәртіп» - әділетті қоғамның негізі

«Заң және тәртіп» ұғымы көшедегі тазалық пен қауіпсіздік сияқты қарапайым нәрседен басталады. Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабындағы тұжырымдарының бірі. Мемлекет басшысы заң үстемдігін тек құқық қорғау органдарының міндеті деп қарамайды. Тәртіп ең алдымен әр адамның күнделікті әрекетінен қалыптасатынын айтады. Қоғамдық орынды таза ұстау, өзгенің құқығына құрметпен қарау, ортақ ережеге бағыну – әділетті қоғамның негізі. Жаңа жинақта «Заң және тәртіпке» жеке бөлім арналған. Жалпы кітап 21 тақырыптық бөлімнен тұрады. Оған Президенттің соңғы 30 жылда баяндамаларында, мақалалары мен сұхбаттарында айтқан ой-тұжырымдары топтастырылған. Заң үстемдігімен қатар ұлттық бірлік, білім мен ғылым, экономика, технология, жастар және қоғамның рухани құндылықтары қамтылған.