Қытайға жаңа әуе рейстері ашылды
Қытайға жаңа әуе рейстері ашылды. Алматыдан Сиань мен Шанхайға, Астанадан Гуанчжоуға, Ақтау-Үрімжіге тікелей ұшуға болады. Осы аптада Алматыдан Чунцин қаласына алғашқы жолаушылар рейсі аттанды. Сондай-ақ, биыл тамызда Арал – Каспий автомагистралінің құрылысы басталған еді. Жаңа бағыт Шығыс – Батыс жолының өткізу қабілетін бірнеше есе арттырады. Таяу уақытта Мойынты – Қызылжар, Бақты – Аягөз теміржолдарының құрылысы да аяқталмақ.