Ғылыми жобаларды бағалаудың жаңа жүйесі енгізіледі

Ғылыми жобаларды бағалаудың жаңа жүйесі енгізіледі

1 қазаннан бастап  ғылым саласы бойынша жаңа ұлттық стандарт күшіне енеді. Құжат ғылыми-зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізуді жаңғыртуға бағытталған. Жобалардың дайындық деңгейін анықтау үшін технологиялар, әлеуметтік жобалар және іргелі зерттеулер жүйелері енгізілмек. Барлық ғылыми есептер тексеріліп, түпнұсқалылығы кемінде 50% болуы тиіс. Медициналық зерттеулер халықаралық үздік тәжірибелерге басымдық беріледі. Әдістемеге сай жүргізілген теріс нәтиже де ғылыми жетістік болып танылады. Ол үшін қаржылық санкция салынбайды. Бұл ғалымдарға тәуекелге барып, жаңа бағыттарды еркін зерттеуге мүмкіндік береді.