Құқықтық квест: үздіктер марапатталды

Құқықтық квест: үздіктер марапатталды

«Құқығың өз қолыңда». Алматыда осындай атпен конференция өтіп, «Заң мен тәртіп» жобасы аясында атқарылған істер қорытындыланды. Онда жастардың құқықтық сауатын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ студенттер арасында ұйымдастырылған квесттің қорытындысы жарияланды. Қатысушылар заңға қатысты және логикалық тапсырмаларды орындап, білімі мен тапқырлығын танытты. Нәтижесінде үздік командалар арнайы номинациялар бойынша марапатталып, қаржылай сыйақы алды.