Wonk ҰБТ-ға дайындалуға қалай көмектеседі?

Wonk ҰБТ-ға дайындалуға қалай көмектеседі?

Білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу – бүгінде мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқушының жеке оқуына да жаңа мүмкіндік беріп отыр. Қазақстанда осы бағытта әзірленген отандық жобалардың бірі – Wonk платформасы. Ол мұғалімге сабақ жоспарын әзірлеуден бастап, тест пен оқу материалдарын дайындауға дейінгі жұмысты автоматтандыруға көмектеседі. Ал оқушылар үшін жасанды интеллект негізіндегі көмекші ғана емес, Ұлттық біріңғай тестілеуге де дайындық құралдары ұсынылған.