Уран ісіне арналған оқу кабинеті ашылды

Уран ісіне арналған оқу кабинеті ашылды

Қазақстан-Британ техникалық университетінде атом және уран өнеркәсібіне арналған алғашқы мамандандырылған оқу кабинеті ашылды. Жобаға «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы мұрындық болды. Заманауи жабдықтармен және қажетті оқу инфрақұрылымымен қамтылған кабинет студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, уран саласын тереңірек меңгеруіне мүмкіндік береді.