Учаскелер Құрылтай сайлауын өткізуге дайын – ОСК

Учаскелер Құрылтай сайлауын өткізуге дайын – ОСК

Барлық учаске Құрылтай сайлауын өткізуге дайын. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров осылай дейді. Қазір бөлімшелер толық жабдықталып, бюллетень қағаздары әрбіріне жеткізілген. Құрылтай сайлауы 7 партия арасында өтіп жатыр. Олардан 545 кандидат депутаттыққа ұсынылған.

¤

Сүндет Оралбек, тілші:

- Қайырлы кеш, Әнуар! Сонымен, бір айға жалғасқан партиялардың үгіт-насихат науқаны мәресіне жетті. Бүгін түнгі 12-ден кейін барлық саяси ұйым ақпараттандыру жұмысын тоқтатуы қажет. Сөйтіп, үлкен дода алдындағы ереже бойынша тыныштық күні басталады.  Білесіздер Құрылтай сайлауына 7 партия қатысуда. Олардан депутаттыққа 545 кандидат үмітті. Ал Құрылтайда орын шектеулі. 145 адам заң шығарушы органнан мандат алады. Мұнда енді 7 партияның дауыс алу көрсеткішіне қарай депутаттар үлесі беріледі. Мәселен, саяси ұйым халық дауысының 30 пайызына ие болды делік. Оларға Құрылтайдан 43 орын беріледі. Партиялар заң шығарушы органға өтуі үшін кем дегенде 5 пайыз дауыс жинауы тиіс. Ал Құрылтайдың жұмысы 5 жылға, 8 бейінді комитет арқылы жүргізіледі. Депутаттар барлық заң жобаларын үш оқылымда қарауы тиіс.

¤

Орталық сайлау комиссиясы бүгін арнайы брифинг өткізді. Сайлау учаскелеріне қатысты қандай да бір талаптар өзгеріп пе?

¤

Иә, қорытынды бирфинг өтті. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров барлық сайлау учаскесі сайлауға сақадай сай дайын тұр деді. Яғни, учаскелер жабдықталып, бюллетеньдер күзетке алынған. Саяси науқанға 12 жарым млн-нан астам адамның дауыс беруге құқығы бар. Олар үшін ел аумағында 10 мың 423 учаске жұмыс істейді. Шетелде жүрген азаматтар үшін де дауыс беру жағдайы жасалған. 15 мыңға тарта Қазақстан азаматы 61 елдегі 79 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасайды. Бұл күні әрбір сайлаушы өзінің тіркелген сайлау учаскесіне келіп, жеке басын куәландыратын құжатпен сайлау бюллетенін алады. Азамат дауыс беру кабинасында ешкімнің ықпалынсыз өз таңдауын жасап, бюллетеньді сайлау жәшігіне салады. Дауыс берудің жасырын түрде өткізілуі сайлаушының кедергісіз таңдау жасауына және оның саяси еркінің қорғалуына кепілдік береді.