Қуаты 7,3 ГВт жаңа генерация көздері іске қосылады
Келер жылдан бастап елдегі электр энергиясының тапшылығы жойылып, профицитке шығамыз. Өйткені жаңа станциялар іске қосылады. Мәселен, биыл 2418 МВт қуат көзін өндіретін нысан пайдалануға берілсе, келесі жылы 825 МВт-тық станция жұмысын бастайды. Ал 2029 жылға қарай 7,3 ГВт жаңа генерация көздері іске қосылады. Нысанның жалпы құны 6 трлн теңгеден асады.