Қуаты 50 МВт болатын дата орталық салынып жатыр

Қуаты 50 МВт болатын дата орталық салынып жатыр

Екібастұзда деректерді өңдеу орталығы салынып жатыр. Жыл соңына дейін дата орталық пен энергоблоктардың негізгі корпустары салынады. Құрылыс алаңында инженерлік инфрақұрылым да тартылған. Жобаны энергиямен жабдықтау үшін қуаты 215 МВт болатын қосалқы станса сатып алынбақ. Data Center Valley-дің ұзақмерзімді қызмет етуі үшін жалпы қуаты 1 ГВт-қа дейін кезең-кезеңімен кеңейтіледі.Аумақтағы жұмыстарды бақылау үшін онлайн бейне бақылау жүйесі жұмыс істейді.