Түркістан: Жаңа экопарк пайдалануға берілді
Түркістанда жаңа экопарк ашылды. Демалыс орны Қарашық өзенінің бойында
орналасқан. Аумағы 50 гектар. Саябақта жергілікті климатқа тез бейімделетін
мыңдаған көшет егілген. Суару жүйесі толық ретке келтірілген. Балалар ойын
алаңдары, спорт корттары, серуендеу жолдары мен балық аулауға арналған ыңғайлы
орындар бар. Сондай-ақ, мұнда қоршаған ортаға зиян келтірмейтін экологиялық
материалдардан төрт көпір салынып, күн панельдерімен жұмыс істейтін жарық
шамдар орнатылды. Саябақтың ашылуымен қатар мұнда облыс көлемінде бастау алған
«Тәртіпке тартыл» жобасының финалы ұйымдастырылды.