«Tour de Saraishyq 2026» велошеруі өтті
Сұлтан Бейбарыс
алаңынан ежелгі Сарайшық қалашығына дейінгі 100 шақырымды бағындыру. Осындай
мақсатпен Атырауда 150-ден астам әуесқой спортшы қатысқан Tour de
Saraishyq-2026 велошеруі өтті. Сайыс ережесі бойынша оған 14 пен 65 жас
аралығындағы азаматтар қатысты.
3 сағат 35 минутта –
дәл осынша уақытта Tour de Saraishyq-2026 велошеруінің алғашқы қатысушылары
финиш сызығынан өтті. Басы Сұлтан Бейбарыс алаңынан басталып, соңғы нүктесі
Махамбет ауданындағы Сарайшық қалашығына дейін жалғасқан жарыс жолы 100
шақырымды құраған. Сайыс ережесі бойынша оған 14 пен 65 жас аралығындағы
азаматтар қатысты.