ТМД елдерінің үздік индустриялық-технологиялық жобаларының тізімі жасақталады
ТМД-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы әзірленеді. Бірлескен индустриялық-технологиялық жобалар іске асырылады. Ол үшін үздік жобалар тізімі жасақталмақ. Мұндай бастамаларды бүгін Түрікменстанның Аваза қаласында өткен ТМД елдері басшыларының кеңес отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев көтерді. Сондай-ақ ол көлік-логистика саласын цифрландыру мен жасанды интеллект бағытындағы ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды.