ТМҰ бас прокурорларының 5-отырысы өтті
Түркі мемлекеттер ұйымына мүше елдердің прокурорлары енді ортақ қауіпке қарсы күресте күш біріктіреді. Әсіресе, киберқауіпсіздік пен аймақтағы есірткі бизнесін онлайн форматта жандандырып жүргендердің ізіне бірігіп түспек. Келісімдер Түркістанда өткен Түркі мемлекеттер ұйымы Прокурорларының 5-ші отырысында жасалды.