Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы

Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы

Ақтөбе өңіріндегі екі аудан орталығында күрделі жөндеуден өткен теміржол вокзалы халық игілігіне берілді. Шалқар қаласы және Шұбарқұдық кентіндегі теміржолдың ашылу салтанатына жергілікті тұрғындар, мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Жалпы, облыста Президент тапсырмасымен 7 вокзал жаңарады

Шалқар станциясы. Мұндағы шойын жолдың салынғанына бір ғасырдан асқан.  Өңірдегі маңызды теміржол магистральдарының бірі. Күрделі жөндеуден кейін вокзал ғимараты толық жаңарды. Күту залдары, ана мен бала бөлмесі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалды. Инженерлік жүйелер түгел ауысты. Вокзал аумағы 320 шаршы метрге кеңейді.

Жеткерген Өтегенов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, құрметті теміржолшы:

- Оған бүкіл құрылысына ата-бабаларымыз араласқан. Өйткені бұның әр кірпіші Мұғажар тауынан тағы тасы бар  жерлерден түйемен тасылған тастар.  Теміржолдың арқасында аудан орталығы болып, осында қаншама мыңдаған адамдар нәпақасын тауып, семьясын асырап жатыр.

Сонымен қатар Шұбарқұдық бекеті де іске қосылды. Нысан аумағы 111 шаршы метрден 207-ге ұлғайтылған. Халық дән риза. Қыста олар енді тоңбайды.