Теміржол инфрақұрылымы: Президент тапсырмасы орындалды

Теміржол инфрақұрылымы: Президент тапсырмасы орындалды

Президент тапсырмасымен елімізде 124 вокзал қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Соның жетеуі Сыр өңірінде орналасқан. Өткенде ғана Аралдағы теміржол бекеті халық игілігіне берілсе, бүгін Төретам мен Жосалы кентіндегі вокзал ғимараты ашылды. Нысанның заман талабына сай жаңаша кейіпке енгеніне тұрғындар дән риза.