Теледебат: партиялардың реті жеребе арқылы анықталады

Теледебат: партиялардың реті жеребе арқылы анықталады

Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялардың үшінші теледебаты біздің арнамыздан өтеді. Бұл жолғы пікірталастың форматы ерекше. Басты өзгешелігі- жеті партиядан екі өкілден, яғни 14 спикер пікірсайысқа шығады. Партия өкілдері қандай ретпен сөз алады ? Мұны ертең 19 00 де біздің телеарнаның тікелей эфирінде жеребе тарту арқылы анықтаймыз. Ал теледебат 12 тамыз сағат 20:00-де басталады. Оны арнамыздың жүргізушілері Ғазиз Әбішев пен Айдана Үсенбай жүргізеді. Дебаттың тақырыбы «Заң және тәртіп». Көрермендер партия өкілдеріне сұрақ жолдай алады. Ол үшін арнайы телефон нөмірлері іске қосылады.