Тегеурінді тәртіп – әділетті қоғам негізі
Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» еңбегі ең алдымен елді заң мен тәртіпке ұйыстыратын бағдаршам іспетті. Саясаттанушы Әлібек Жаппасбаевтың пікірінше, жинақта мемлекеттік қызмет саласында жүрген мамандарға да түртіп алар мағлұмат мол. Оның айтуынша, бұл еңбек терең толғаныстан құралмаған. Көп сөзден гөрі – дөп сөзі басым. Әрине, кітаптағы 21 тарауда түрлі мәселелер қаузалады. Дегенмен, түйіп айтар ой – заң мен тәртіп қағидатын алға салғанын аңғарыпты. Бұл бір елдің ғана емес, геосаяси кеңістіктегі ең өзекті тақырып, дейді саясаттанушы.
Әлібек Жаппасбаев – саясаттанушы:
- Бауыржан атамыз айтып кеткендей, тәртіпке бағынған құл болмайды, дегендей мемлекетімізде барлығы заң аясында, тәртіппен болуы керек. Себебі, осы кезеңде ғана мемлекет-азамат, азамат-мемлекет деген қарым-қатынастың барлығында ешқандай екіжақты ойлар туындамайды. Бұл дегеніміз, мемлекеттік басқару институттарына деген сенімді арттырады... Мемлекеттік қызмет саласында жүрген азаматтарға бұл бір орысша айтқанда «Настольная книга» есебінде құрал болады деген ойдамыз. Себебі, мемлекет басшысының үлкен мінберде тұрып қабылдаған шешімдері және халыққа бағыттаған сөздері өздеріне тәжірибеге алуға болатын сабақ ретінде пайдаланса болады.