«Таза жағалау» акциясы өтті
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасуда. Бұл жолы Жайық өзенінің жағасы күл-қоқыстан тазартылды. «Таза жағалау» шарасына 300-ге жуық атыраулық қатысқан. Сөйтіп, «Жұмыскер» ықшам ауданындағы жағалаудың 10 шақырымын тазалап, одан 15 тоннаға жуық қоқыс жиналған. Сенбілікке бірқатар кәсіпорынның қызметкерлері мен еріктілер атсалысты. Жиналған қалдықтар арнайы полигонға шығарылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы уақытта айналасын жинап жүретін, табиғатқа жанашырлықпен қарайтындар саны артып келеді.