«Таzа Qazaqstan» Road-эстафетасы мәресіне жетті
«Таzа Qazaqstan» Road-эстафетасы мәресіне жетті. «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастары Астанадан Өскеменге дейін 1800 шақырым жол бойын қоқыстан тазартты. Тазалық эстафетасы кезінде 5 негізгі бағыт бойынша экологиялық, қоғамдық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жол бойын қоқыстан тазартып қана қоймай, экологиялық акциялар мен экоактивитилер өткізді. Ауыл тұрғындары мен жастармен кездесті. Тарихи-мәдени орындарда вандализмге қарсы акциялар, сондай-ақ «Чемпиондық рух» жобасы аясында спорттық іс-шаралар ұйымдастырды.