«Таза бейсенбі» акциясы өтті
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы жалғасуда. Оның аясында бүгін Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Табиғатқа бейжай қарай алмайтын 22 мыңға жуық азаматтан құралған топ таңсәріден тұрып, аймақтағы күтімді қажет етіп тұрған жерлерді ретке келтіріп шыққан. Олардың қатарында еріктілерден бастап, мемлекеттік қызметтегілер мен кәсіпкерлер де бар. Сөйтіп, шамамен 282 гектар аумақтан 510 тонна қалдық жиналып, полигонға жіберілген.