«Таза Қазақстан»: Шымкентте монументтер мен ескерткіштер, мүсіндер тазаланды
Шымкентте жастар
ескерткіштерді жуып, тазалады. Қалада ұлы тұлғалардың 100- ден астам мүсіні
бар. Оның жетеуі тарихи-мәдени ескерткіш республикалық маңызы бар қасиетті,
киелі жерлердің тізіміне енген. Экологиялық акция аясында еріктілер Бауыржан
Момышұлы ескерткішінің айналасын ретке
келтірді. Мәрмар тасын жуып, шаңын сүртіп қана қоймай, батыр бабаларымыздың
рухына тағзым етті. Акцияның негізгі мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау,
қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру.