Тарихи-мәдени мұраларды қорғау: экологиялық акция өтті
Республика бойынша өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының басты мақсаттарының бірі – тарихи-мәдени мұраларды қорғау. Осыған орай Тараздағы Қарахан кесенесі аумағында үлкен тазалық жұмыстары өтті. Мұнда белсенді жастар ескерткіш маңын ретке келтіріп, туған жерге деген жанашырлықтарын көрсетіп жатты.