Тамыз конференциясы өтті

Тамыз конференциясы өтті

Түркістан облысы бойынша биыл 50 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Сондықтан дайындық барынша пысықталуы тиіс. Өйткені биылғы оқу жылы бұрынғыдай емес. Яғни, оқушылар мен педагогтер толықтай жасанды интеллектке бейімделіп, цифрлық дәуірге көшуі тиіс. Оған Президенттің өзі тапсырма берген. Бүгін өңір әкімі Нұралхан Көшеровтың қатысуымен «Тамыз конференциясы» өтіп, осы мәселе кеңінен талқыланды.