«Талдықорған - Үштөбе»: 42 шақырым жол жаңартылды

«Талдықорған - Үштөбе»: 42 шақырым жол жаңартылды

Жетісуда Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды. 42 шақырымның  негізгі бөлігі жоспардан екі ай бұрын аяқталып отыр. 15 жыл бойы жөндеу көрмеген бұл аймаққа міне жаңа асфальт қайта төселді. Магистральдағы бойындағы аялдамалар мен су өткізгіш құбырлар да жаңара түскен. 

¤

15 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген бұл жол тұрғындар үшін талай жылдан бері түйіні тарқамаған мәселе еді. Шұрық-тесік жолмен қатынау жүргізушілерді де, жолаушыларды да әбден қажытқан.  Былтыр Қаратал ауданының тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселе биыл аймақ басшысының тапсырмасымен қолға алынған. Мамырда басталған жұмыс қарашаға дейін жалғасуы тиіс еді. Алайда мердігер негізгі жұмысты жоспардан екі ай бұрын аяқтап отыр. Бұл жолы тек ескі асфальт жаңартылған жоқ. Жолдың негізі де қайта жасалып, 27 шақырымына екі қабат асфальт төселді. Қалған бөлігінде де жаңа жабын пайда болды.