Тәуелсіздіктің 35 жылдығына – 35 шырша
Ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған шаралар өңірлерде басталып кетті. Жетісу облысында «Жеті қазына» атты экологиялық акция өтіп жатыр. Қапал ауылының 70-ке жуық белсендісі Тамшыбұлақ саяжайына 35 шырша егіп, аумақты көгалдандыруға өз үлесін қосты. Ал көшеттерді Қапал орман шаруашылығының питомнигі берген. Мұнда биыл қарағайдан бастап жеміс ағаштарына дейінгі 77 мыңнан астам көшет өсірілді. Айта кетейік Жоңғар Алатауының бөктеріндегі бұл аймақ мөлдір суымен, көркем табиғатымен ерекшеленеді.