Тәртіп пен тазалық: Елорда саябақтары тексерілді
Таза қала – мәдениеттің белгісі. Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кезекті экологиялық рейд өтті. Бұл жолы тәртіп сақшылары мен әкімдік өкілдері Байқоңыр ауданындағы «Ататүрік» саябағын тексерген. Мұндай шаралардың мақсаты тұрғындарға айыппұл салу емес, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру. Қоғамдық орындарды ластап, ортақ мүлікке зиян келтіргендерге қандай шара қолданылады?
Бұл Ататүрік саябағы.
Мұнда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында
кезекті экологиялық рейд өтті. Тәртіп сақшылары мен әкімдік өкілдері саябақтар мен демалыс орындарында
қоқыс тастамау, ортақ мүлікті сақтау басты талап дейді. Олардың сөзінше,
қаламыздың тазалығы мен жайлылығы әр азаматтың жауапкершілігінен басталады.