Сырым ауданында 72 отбасы баспаналы болды
Биыл елімізде жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға коммуналдық қордан тұрғын үй беру және бөлу тәртібі жаңартылып, бұл құзырет жергілікті атқарушы органға қайтарылды. Аталған санаттағы азаматтарды қолдау тетіктерінің кеңейтілуі Батыс Қазақстан облысында нақты істермен көрініс тапты. Бүгін Сырым ауданында 72 отбасы баспаналы болды. Жымпиты ауылында салынған үш қабатты екі үйді пайдалануға беру рәсіміне аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.