Сыр өңірінің креативті көрме-жәрмеңкесі ұсынылды

Сыр өңірінің креативті көрме-жәрмеңкесі ұсынылды

Қызылорда облысының креативті кеңістігі Астанада. Республикалық Creative Aimaq жобасы аясында бүгін Сыр өңірінің «Тамырдан туындыға…» атты индустриялар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға 100-ге жуық креатор қатысып, 21 бағыты бойынша авторлық туындылары мен шығармашылық өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

¤

Дәулет Тойшыбаевтың әйнекке сурет салу өнерін зерттегеніне төрт жылдан асқан. Бастапқыда қарапайым шыныға саламын деп, сан рет шығындалыпты. Алдымен қолда бар құралмен үйреніп, іле креативті өнердің тілін меңгереген. Қоғамға енді танылып келе жатқан өнер болғандықтан, бұл туралы ақпарат өте аз, - дейді ол.

Дәулет Тойшыбаев, суретші:

- Ең бірінші жай шыныға салып көргенмін. Ол болмады. Стекло шытынап кетті. Содан кейін зерттеп, интернетте бұның техникасы жоқ. Дүниежүзі бойынша бұдан бір-екі суретші бар. Солардың видеоларын қарап отырып техникасын біліп алып, өзім шамалы ойынды қостым.

Креативті жәрмеңкеде ұлттық музыкалық аспаптар, күріштен жасалған кілемдер мен картиналар, зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, ағаш пен сүйектен жасалған заттар және басқа да авторлық өнімдер сатылды. Сонымен қатар, Qyzylorda Hub-тың цифрлық әзірлемелері мен өңірдегі заманауи медиа жобалар да көпшілікке таныстырылды. Ерекше жәдігерлер қатарында айтыскер ақын Мұхтар Низовтың «Алтын домбырасы» да бар.