Спорт күні: чемпиондарға баспана кілті табысталды
Тамыздың үшінші жексенбісі – осымен 3 жыл қатарынан Қазақстанда Спорт күні ретінде аталып келеді. Бұл күні барлық аймақта салауатты өмір салты дәріптеледі. Мәселен, Алматы облысында түрлі сайыстарда ел намысын қорғап жүрген азаматтар марапатталып, бірқатар чемпиондарға баспана кілті табысталды. Өйткені бүгінде аймақ мергендердің Әлем кубогінен бастап, «Oceanman» халықаралық турниріне дейін қабылдап, ірі спорт хабына айналған.
Халықаралық
турнирлердің орталығына айналған Қонаев шаһары бұл жолы өңірдің үздік
спортшыларының басын қосты. Мерекелік жиында облыстың спорттық потенциалы мен
инфрақұрылымның даму қарқыны сөз болды. Алда Азия ойындары мен ірі әлемдік
бәсекелер бар.